RU
Тегін көмек: Қол протезін қажет ететін балаларға қайырымдылық жасалмақ
Жаңалықтар Қоғам

Тегін көмек: Қол протезін қажет ететін балаларға қайырымдылық жасалмақ

Рассказать Вконтакте

Instagram желісінде туа бітті сал ауруына шалдыққан жандарға ақысыз көмек көрсетілетіні туралы хабар тараған. Оған қуанған халық көрсетілген нөмірге қанша хабарласса да, еш жауабын ала алмай, NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне хат жолдаған.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Әлеуметтік желіде тараған видеожазбада aliya.tv аккаунтымен тіркелген ару протезді қажет ететін балаларға тегін көмек берілетінін айтқан. Әлияның сөзінше, жомарт жандар тіпті, Астанаға барып-қайту жолын да төлеп береді

Желі қолданушылары қайырымды істі естіп қуануда. Алайда олардың кей бірі хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, еш байланысқа шыға алмапты.

Осыған байланысты қайырымды істі ұйымдастырушылардан оның мән-жайын анықтап көрдік.

"Мен ұйымдастырушы емеспін. Тек сол қайырымдылықпен айналысып жатқан адамға көмекті қажет ететін балалар тізімін дайындап беремін. Себебі ол кісі осыдан 2-3 ай бұрын менің де қызымның қолына протез жасатып берді. Қазір күліп-ойнап, қуанып жүр.

Көмек сұрап хабарласушылар өте көп болғандықтан, кейде жауап беріп үлгермей жатамын. Әзірге Қазақстан бойынша 1-16 жас аралығындағы қол, саусақ протезін қажет ететін балалардың мәліметтерін жинап жатырмын. Содан кейін протез дайындалып, оны ата-аналарымен бірге Астана қаласынан барып салдырып кетеді", - дейді Шолпан есімді әйел.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір