RU
Ақмола облысында аялдамадан ер адамның мәйіті табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақмола облысында аялдамадан ер адамның мәйіті табылды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында автобус аялдамасынан ер адамның мәйіті табылды, қылмысты жасады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото:4vsar.ru

Көрнекі фото:4vsar.ru

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көптеген соққы ізі бар ер адамның мәйіті 3 сәуір күні Бурабай ауданы аумағынан, Жарқайың ауылына жақын маңнан табылған.

Қаза болған адам Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша ауданының 49 жастағы тұрғыны болып шықты.

Жедел қызметкерлер қылмысты ашуға бағытталған іздеу шаралары кешенін жүргізді. Зардап шегуші Жарқайың ауылындағы шаруа қожалығында жұмысшы болып істегені анықталды. Сол жақта оқиғаның куәгерлерінен жауап алынды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері шаруа қожалығы басшысының 40 жастағы туысы марқұмды ұрлық жасадың деп кінәлап, ұрып өлтіргенін анықтады. Содан кейін оны қожалықтан алып кетіп, аялдамаға апарып тастаған.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel