RU
Қоқыс қабынан жасалған көйлектер түрік қызын танымал етті (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қоқыс қабынан жасалған көйлектер түрік қызын танымал етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркиядағы Анталья қаласының кішкентай тұрғыны Стефани танымал жұлдыздар образдарын қайталап суретке түсуді әдетке айналдырған. Төрт жасар қыздың Рианна, Рита Ора, Кэти Перри, Ники Минажға еліктеп түскен фотолары оны аз ғана уақыт ішінде танымал еткен деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Cтефанидің ерекше киім үлгісі алдымен оның анасы Алевтина Чаглардың еңбегі. Ол көйлектерді қоқыс қаптары, қағаздар мен түрлі жабысқыш материалдардан жасайтын көрінеді. Бір көйлекті дайындау бар болғаны бірнеше минутты қана алса керек.

Авентина қызын мұндай ерекше фотосессияға екі жасынан бастап түсірген. Жұлдызды образдарды қайталаған Стефанидің суреттері мен видеоларын анасы әлеуметтік желіге жүктей бастаған.

Уақыт өте келе ол қызының үлкен сұранысқа ие болып, оның парақшасына тіркелушілер саны арта түскенін аңғарады. Авентинаның айтуынша, суреттерді жүктеген кезде қызының осыншама танымал болып кетеді деп ойламаған.

«Ол суретке түскенді ұнатады. Ал мен болса образ құрастырып, оны түсіруді жақсы көремін. Желі қолданушылардың да көңілінен шығып жатыр. Олар кейде өз тарапынан жаңа образдарды ұсынып жатады»,- дейді Авентина Чаглар.

Стефанидің анасы алдағы уақытта талай жұлдыздардың киім үлгілерін дайындауды жоспарлап қойғанын айтты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel