RU
Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы: Әлем чемпионы атанатын күн алыс емес
Жаңалықтар Қоғам

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы: Әлем чемпионы атанатын күн алыс емес

Рассказать Вконтакте

Бүгінде кәсіпқой бокста қазақ боксшыларының саны көбейіп, нәтижелері әр жекпе-жек сайын жақсарып келеді. Солардың бірі - Канада елінде жаттығып, жекпе-жек өткізіп жүрген кәсіпқой боксшы Батыржан Жүкембаев.

Жүкембаев

Өткен жексенбі күні Жүкембаев Монреаль қаласында мексикалық Ноэ Нуньеспен жекпе-жек өткізіп, кездесудің 36 секундында қарсыласын нокаутқа жіберді.

Батырды өткен жеңісімен құттықтап, аз-кем тілдесудің сәті түскен еді.

"Жекпе-жек өте жақсы немесе өте қиын болды деп айта алмаймын", -деп бастады әңгімесін қазақстандық боксшы.

– Өздеріңіз көргендей, бірінші раундтың 36-секундында қарсыласымды екі рет нокдаунға жіберіп, төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.

— Жекпе-жекті осылай тез аяқтау жоспарда болды ма?

— Жоқ, мүлдем олай емес. Қарсыласымды бірінші раундта нокаутқа жіберемін деген жоспарымыз болған жоқ. Тек рингке шығып, 8 раунд жұдырықтасып шығуды мақсат еттік.

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы: Әлем чемпионы атанатын күн алыс емес

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы: Әлем чемпионы атанатын күн алыс емес

— Нокаутыңыз туралы не айтасыз? Соққыны әдейі нокаутқа түсіретіндей қып жұмсадыңыз ба?

— Әрине, жоқ. Сол қолыммен жасаған бірінші соққым қарсыласымды нокдаунға түсіреді деп ойлаған жоқпын. Дегенмен, бұл бокс болғандықтан, мәселе бір соққымен шешіліп кетуі баршаға мәлім.

– Бұл жеңіс сізге оңайлықпен келгендей көрінеді. Бірақ, жетістікке жету жолында жекпе-жекке дейінгі төккен тер, жаттықтырушылардың қаншама еңбегі жатыр ғой...

— Дұрыс айтасыз. Жанкүйерлерде «Рингке шыға салып, бір соққымен қарсыласын құлата салды» деген ой әбден болуы мүмкін. Бірақ, әрбір жеңістің артында өзіңіз айтқандай үлкен еңбектің болатыны анық қой. Міне, жаттықтырушыларым мен өзімнің тынымсыз еңбегімнің нәтижесі деп ойлаймын.

Сондай-ақ, мұндай сәтте жанкүйерлердің қолдауы да өте маңызды. Осы орайда, маған қолдау білдіріп жүрген Қайрат Сатыбалды ағама өз алғысымды айтқым келеді. Осындай ағалардың, жанкүйерлердің қолдауы мені жеңіске жігерлендіріп, өзіме деген сенімімді арттыра түседі деп айтсам қателеспейтін шығармын.

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы: Әлем чемпионы атанатын күн алыс емес

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы: Әлем чемпионы атанатын күн алыс емес

—Алда қандай жоспарларыңыз бар? Әлем чемпионы атағы үшін өтетін жекпе-жегіңізді қашан көре аламыз?

– Бұйырса, алдағы екі-үш күнде келесі жекпе-жегімнің қашан өтетінінін менеджер, промоутерімізбен ақылдасатын боламыз. Бәлкім, келесі айқастан соң қай тұжырым бойынша белбеулерге шығатыным белгілі болып қалу мүмкін. Асығыстық жасаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бәрі өз ретімен, өз сәтімен болады ғой. Жалпы, жанкүйерлерге белбеу үшін жекпе-жек өткізетін күннің ауылы алыс емес.

– Әңгімеңізге рахмет!

Айта кетерлігі, бүгінде Батыр Жүкембаев 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

10 айқасын мерзімінен бұрын жеңсе, екеуін ұпай саны бойынша ұтқан. Қазіргі таңда Жүкембаев жанкүйерлер арасында «777» лақап атымен танылып келе жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
15
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel