RU
Тамара Асар француздар асырап алған қазақ баласын айтып, елді жылатты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тамара Асар француздар асырап алған қазақ баласын айтып, елді жылатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Танымал отандық әнші Тамара Асар Францияға іссапармен барып, француздар асырап алған қазақ баласын кездестіргені жайлы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Тамара Асар француздар асырап алған қазақ баласын айтып, елді жылатты. Фото: Instagram

Тамара Асар француздар асырап алған қазақ баласын айтып, елді жылатты. Фото: Instagram

Әнші француздар төрт жасында асырап алған Мұхаммед есімді баланың тағдырына алаңдайтынын жеткізді. Бұл жайында Тамара Асар Instagram парақшасында жариялады.

"Лувр алаңында наурыз тойы қызған кез еді. Мен саxнаның арт жағында өз кезегімді күтіп, қазақ костюмімді қызықтап келген француздар мен басқа да ұлт өкілдерімен фотоға түсіп, бар білген ағылшыншаммен француз тілімді былдырлатып араластырып, жартысын эмоцияммен аузы басымды жыбырлатып, қолымды сермеп, барлық жестикулияциямды қосып, ойымды жеткізіп мәз боп тұрғанмын".

"Жаныма бір француз әйелі келіп, әлдеңені түсіндіре бастады. Бірден түсінбесем де, басымды изей бердім. Музыка қатты ойнап тұрғасын құлағыма ыссы демімен үрлеп, әлдеңені айтып жатыр. Бір сәтте тілден бөлек "санатүйсігім" қосылғандай болды. Тыңдай бастадым. Ол маған бір сөйлемді қайта-қайта айта берді. Жүрегім "шым" етті. Әлі дұрыс түсінген жоқпын. Қасындағы баланы көрсете береді де. "Mon fils kazakh"- деп қайталай береді. Сол сөйлем құлағымда әлі тұр. Екеуіне қаттырақ жақындай түсіп, иығымды көтеріп, бар білген французшаммен "comment?" "қалай?", - деп білгенімше жауап бердім дейді әнші.

Бірақ әнші француз әйелін толық түсінбесе керек, тіл білетін адамның көмегіне жүгінген.

Дереу тіл білетін адамды шақырып, мән-жәйді білдім. Мына фотодағы баланы төрт жасында асырап алыпты. Жезқазғандікі екен. Ұлты қазақ. Аты Мұxаммед. Бірақ қазір екі есімі бар. Бірі – қазақша, екіншісі - французша. Жасы он төртте. Менің қабылдауымда оның көзі мұңға толы. Еңсесі ерке балаға ұқсамайтын сияқты. Әлде менің көзіме солай көрінген шығар? Мен дәл осы жолы әлсіздік таныттым. Шыдай алмай, баланы құшақтай алдым. Кәдімгідей бүкіл қазақтың құшағын сыйлағым келді. Іштей сіздерден сәлем айтқандай болдым. Тамағыма бірнәрсе кептеліп, жүрегім тарсылдап, жас кернеп бара жатыр. Алланың жазғаны осылай болған шығар. Мұхаммед пайғамбардың аттасы, қазақтың қаны, француздың ұлы Мұxаммед», - деп жазбасын аяқтады әнші.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
3
115
7
29
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір