RU
Саясаттанушы: Биліктегі кадрлық өзгерістер әлі жағасады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Саясаттанушы: Биліктегі кадрлық өзгерістер әлі жағасады

Рассказать Вконтакте

«Альтернатива» зерттеу орталығының директоры Андрей Чеботарев жоғарғы билікте орын алған кадрлық өзгерістерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жақын арада тағы да жаңа тағайындалулар өтпек деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: StanRadar

Фото: StanRadar

Саясаттанушы Андрей Чеботарев өзінің Facebook парақшасында биліктегі өзгерістердің әлі аяқталмағанын мәлімдеді.

«Жақында өткен кадрлық өзгерістердің нәтижесі мынадай: Президент аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымы қазір бос тұр. Оның қызметтік бабына құқық қорғау органдары мен соттармен тығыз жұмыс істеу кірсе керек. Теориялық тұрғыдан қарағанда, бұл лауазымға Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы келуі әбден мүмкін. Алайда бұл нақты емес , тек тұжырым», - деп жазған саясаттанушы.

Оған қоса, ол бұл орынға келуге ниет білдірген кандидаттар жетіп артылатынын айтты.

Зерттеу орталығының директоры президенттік тізімде бос тұрған сенатор лауазымының да бар екенін мәлім етті. Оның айтуынша, Ақорда енді жоқ дегенде үш адамды жұмыспен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл дегеніміз алдағы уақытта басқа шенеуіктердің ығыстырылуына түрткі болмақ дейді саясаттанушы.

Жұмақанов, Ермекбаев, Донаков және Қалетаевтар бұрынғы қызмет бабында жаман көрсеткіштерге ие болды деп ойламаймын. Олардың қызметтерінің ауысуы өзгерістердің жаңа циклін бастау үшін істелгендей", - деп айтты Андрей Чеботарев.

Еске сала кетейік, 4 сәуір күні Ақордада кадрлық өзгерістер орын алған. Дархан Қалетаев Діни істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалса, бұрын бұл лауазымды иеленген Нұрлан Ермекбаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне келді.

Ал Талғат Донаков Жоғарғы сот кеңесінің жаңа төрағасы болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel