RU

Назарбаев 20 жыл ішінде тұрғызылған Астананың мақтауын асырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен бүгін Астанада елорданы болашақта қалай дамыту керектігі жөнінде жиын өтуде. Бас қаланың 20 жылдығы қарсаңында шенеуніктер бас қосты деп хабарлайды NUR.KZ.

Назарбаев: Бұл қалаға біздің де еңбегіміз сіңді. Фото: NUR.KZ

Назарбаев: Бұл қалаға біздің де еңбегіміз сіңді. Фото: NUR.KZ

Елбасы жиын барысында Ларри Кингтің Қазақстан жайлы айтқан сөзін еске алды.

«Астана қысқа уақыт ішінде алып қалаға айналып үлгерді. Елордамызда әлемдік маңызы бар кездесулер өтеді. Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы. Бұл қалаға келген қонақтар мен жергілікті тұрғындардың бақытты екені сөзсіз. Есіме танымал америкалық журналист Ларри Кингтің "Әлем қалаларды жаулауға кіріссе, Қазақстан олардың іргесін қалауда", - деген сөзін еске алды.

Назарбаев бұл қала қазақстандықтардың және оны құрастыруға атсалысқан жандардың жеңісі екенін де мәлімдеді.

«Әдептілік сақтап керегі жоқ. Бұл қалаға біздің де еңбегіміз сіңді», - деп сөзін қорытындылады Назарбаев.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев 20 жыл ішінде тұрғызылған Астананың мақтауын асырды
Mailfire view pixel