RU
1 теңге төлей алмадым: Алматыда қоғамдық көлік жолаушылары ашуға булықты
Жаңалықтар Қоғам

1 теңге төлей алмадым: Алматыда қоғамдық көлік жолаушылары ашуға булықты

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне Алматы қаласының бірнеше тұрғыны хабарласып, қоғамдық көлікте орын алған жайсыздықтар туралы шағымданды. Олар "Beeline" ұялы байланыс опретаоры арқылы 1 теңгелік жолақысын төлей алмай қалыпты.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Алматылық келіншектің айтуынша, ол әдеттегідей қоғамдық көлікке мініп, "Beeline" арқылы жол жүру ақысына 1 теңге төлемек болған. Алайда оның төлемі қабылданбай қалып, кондутктор аталмыш компаниямен байланыстың үзілгенін айтқан.

"Мен 2505 нөміріне көліктің кодын қанша жіберсем де, төлем қабылданбай қойды. Содан кейін кондуктор "Билайн" 102-автобусқа 297 мың қарыз. Сол ақшасын сұрап барғанда, оны төлемей қойған. Сол үшін толем жасау бұғатталып тұр" деп түсіндірді. Бір қызығы автобуста Билайнмен төлеуге болады деген хабарландыру әлі тұр. Осыны түсіне алмадық", - дейді ол.

Тағы бір қала тұрғыны "Билайн" арқылы жасаған төлеміне байланыс операторы түбіртек жібермей біраз әбігерге салды деп отыр. Олар аталмыш олқылықтардың себебін түсіндіруді өтінеді.

Ал Билайн компаниясының баспасөз қызметкері ешқандай келеңсіздік жоқ деп отыр. Акция бұрынғысынша жалғасып жатыр екен.

"102-бағыт акцияға бұрынғысынша қатысып жатыр. Қарыз бен бұғаттау туралы әңгіме шындыққа жанаспайды. Егер осындай жағдай тағы да орын алса, +7 777 000 2505 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуін өтінеміз", - дейді компанияның PR-менеджері Ерұлан Джамаев.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel