RU
Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Еліміздің бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

"Қазгидромет" РМК Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 11 облысында дауылды ескерту жарияланды

7-8 сәуірде Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай облыстарында ауа температурасының жоғарылауы және жауын-шашын болжамына байланысты қардың қарқынды еруі, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) алып келеді.

7-8 сәуірде Ақмола, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында оң мәнді ауа температурасының сақталуы болжамына және жауын-шашынға байланысты қардың қарқынды еруі, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуіне және судың өзен жайылмасына шығуына(су басуға) алып келеді.

7-8 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстарында жылы ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашын болжамына байланысты, жергілікті, бүйірлік ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейлерінің көтерілуі, судың жайылуы және су басу күтіледі.

7-8 сәуірде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қатты, жергілікті және баурайлы ағынның қалыптасуы, су деңгейлерінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басуы күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel