RU
Иегова куәгері Теймур Ахмедов президенттің жарлығымен бостандыққа шықты
Жаңалықтар Қоғам

Иегова куәгері Теймур Ахмедов президенттің жарлығымен бостандыққа шықты

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен ехоба куәгері Теймур Ахмедов кешірімге ие болды. Сәйкесінше, оның сотталғандығы алып тасталынды. Әрі күзетпен ұсталудан босатылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ехоба куәгері Теймур Ахмедов президенттің жарлығымен бостандыққа шықты. Фото: Радио Азаттык

Ехоба куәгері Теймур Ахмедов президенттің жарлығымен бостандыққа шықты. Фото: Радио Азаттык

Осы оқиғаға дейін Біріккен ұлттар ұйымы негізсіз қамауға алу бойынша жұмыс тобы және адам құқықтары жөніндегі комитеті Теймур Ахмедовтың тұтқындалуы мен сотталуын заңсыз деп тапқан болатын. Сондай-ақ Қазақстаннан оны босатуды талап еткен.

Ұйымның жұмыс тобы: “Ахмедов мырзаның іс-әрекеті тек бейбітшіл әрі оның дін бостандығы құқының аясында ғана болған. Ол азаматтық және саяси құқықтар халықаралық фактісінің 18-бабымен кепілдендірілген өзінің дін бостандығы құқығын пайдаланғаны үшін тұтқынға алынған”, - деп мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Теймур Ахмедов ехоба куәгері болып табылады. Әрі ол 2017 жылдың 18 қаңтарынан бері қамақта отырды.

Өз кезегінде, үкімет тарапынан оған медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ Алматы қаласының онкологиялық ауруханаларының бірінде жедел түрде емдеу шараларын алған. Ол осы ауруханада жатқан жерінен күзетпен ұсталудан босатылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel