Выйти
RU

Елбасы "базарға айналған" Астананы тез арада ретке келтіруді тапсырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Астананың 20 жылдығы қарсаңында елбасы шенеуніктердің басын қосты. Назарбаев Астана әкімі Исекешовке елорданың нашар тұстарын көрсетіп, тез арада тиісті шара қолдануды тапсырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Елбасы Исекешовке Астананың нашар тұстарын көрсетіп, тиісті шара қолдануды тапсырды. Фото: NUR.KZ

Елбасы Исекешовке Астананың нашар тұстарын көрсетіп, тиісті шара қолдануды тапсырды. Фото: NUR.KZ

«Астананың айналасы бытыраңқы базарларға айналған. Қарашы, Алматыда барахолканы ретке келтірді. Ал бізде не болып жатыр?», - деді елбасы.

Сондай-ақ, президент қазіргі талаптарға сай базар тұрғызғысы келетін азаматтар бар екенін алға тартты.

Ал елорда әкімінің орынбасары көрсетілген аумақтардың барлығы жекеменшік базарлар екенін атап өтті.

«Биылғы жылы бақылау күшейтіледі. Егер талаптар орындалмаса, жерді мемлекетке қайтарады», - деді Исекешовтің орынбасары.

Ал президент мұның барлығы 20 жылдыққа дайындықтың бастамасы екенін мәлімдеді.

«Келген адам жан-жағына қарайды. Көреді. Не жасалып жатқанын бақылайды. Біз тек бір-екі істі ғана көрсетеміз. Бірақ ол барлық жерде істеліп жатқан шаруа», - деген Назарбаев тиісті шара қолдану керектігін ескертті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елбасы "базарға айналған" Астананы тез арада ретке келтіруді тапсырды