RU
Павлодарда бес жасар өгей қызын азғындаған азамат сотталып жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда бес жасар өгей қызын азғындаған азамат сотталып жатыр

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өзінің бес жасар өгей қызын азғындаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодар

Сот ведомствосының мәліметінше, 30 жастағы ер адам Қылмыстық кодекстің 124 бабы 1-ші және 2-тармақтарында қарастырылған қылмыс жасады деген күдік келтірілген.

Кінәсі дәлелденген жағдайда ер адам он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, белгілі бір қызметпен айналысуына өмір бойына тыйым салынады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ер адам былтыр күз айында бес жасар өгей қызын азғындады деген күдікпен ұсталған.

Басты сот талқылауы 2018 жылдың 9 сәуірінде сағат 10.00-да өтеді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
1
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel