RU
Алматыда алапат өрт: Көпқабатты үйдің балкондары өртеніп кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда алапат өрт: Көпқабатты үйдің балкондары өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Көкжиек ықшам ауданында бірнеше балкон өртеніп кетті деп хабарлайды қалалық ТЖК ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Балконг
"5 сәуір күні сағат 16:03-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 101 нөміріне Көкжиек ықшам ауданындағы 32-ші үйдің балкондары өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру қызметкерлері қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылды", - деп мәлімдеді ТЖК өкілі.
Балконг

Алғашқы құрам сағат 16:11-де жетіп, бірден бесінші қабатқа дейінгі аумақты шарпыған жалынды өшірген.

Құтқару күштері мен арнайы құралдар екінші рет келіп түскен хабарға байланысты жіберілді.

Балконг

Оқиға орнына 70 өрт сөндірушісі және 20-дан астам техника тартылып, 300 адам эвакуацияланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
5
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel