Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бетіне әжім түсіп, ерте қартайған балақайдың анасы билікке жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Астаналық Ернар Әлібеков дүниеге келісімен айықпас дертпен күресіп келеді. Жасына жетпей жатып, бетіне әжім түсіп, қартайып бара жатқан бөбек пен оның ата-анасы үйдің бір бөлмесін жалға алуға мәжбүр NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Кішкентай Ернар үйінің жалғызы болса да, еркелігін көрсетпейді. Ертемен тұрып, тамақтанған соң, күн сайын ауладағы бүлдіршіндермен бірге асыр сап ойнайды. Арманы да асқақ. Өскенде белгілі шахматист болсам дейді.

"Ата-анам басқа қалады туып өссе де, өзім тұрғылықты астаналықпын. Себебі, осында тудым. Арманып көп, өскенде ел танитын шахматист болсам деймін",-дейді бүлдіршін.

Жеткіншекке туа бітті «сусымалы тері» синдромы диагнозы қойылған. Бет-келбетінде ғана өзгерістер болғанымен, дене біті мен ой-өрісі өзінің қатарластарынан асып түспесе, кем емес.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Біздің дерттің емі жоқ. Оның үстіне демікпе пен екі өкпесінің фиброзы тағы бар. Бірінші деңгейді иммунитет тапшылығы да бар. Соған қарамастан, емін уақтылы алып тұруға тырысамыз. Жолдасым қарапайым дәнекерлеуші, мен Ернардың жағдайын жасап, үйде отырмын. Шетелге апарып, пластикалық ота жасату үшін, қыруар қаржы керек және баламда демікпе болғандықтан, ұшақпен ұшқанда жолды көтере алмай ма деп қорқамыз. Ернар туғалы ешқайда жол жүріп көрмедік, ата-ана, туған-туыстарымыз өздері келіп тұрады",-деп мән-жайды түсіндірді балақайдың анасы.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сондай-ақ, ол отбасының әлі күнге дейін бөлме жалдап отырғанын алға тартты. Айтуынша, бармаған жер, баспаған таулары қалмапты. Талай рет әкімдік пен министрліктің де табанын тоздырған. Үй кезегінде тұрса да, онысы жылжитын емес деп налыды келіншек.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

"Ернар гиппоаллергенді бөбек, яғни ағзасы өте сезімтал. Күніне бірнеше рет ауа жетпей, қиналуы мүмкін. Көргеніңіздей, үнемі ингаляторды пайдаланып отырамыз, сонымен бірге, ауа ылғалдатқышты да қолданамыз. Иммунитет тапшы болғандықтан, екінің бірімен қол ұстасып, араласа беруге болмайды, оған тек таза орта керек. Біздің бөлмеміз таза болса, басқаларында шаң-тозаң болуы мүмкін. Соның бәрі, Ернардың денсаулығына зиян. Бөлмеміз аядай ғана болса да, қыста жылы, бағасы да қолжетімді – 50 мың теңге. Жолдасымның жұмысына да жақын болғандықтан амалсыз жалдап отырмыз. Ал, жеке пәтерге шығайық десек, қалта көтермейді. Онсыз да еміне қажет қаражатты көптің көмегімен өтеп келеміз. Иммунитетті көтеретін инъекцияның бір флаконының өзі 84 мың теңге тұрады. Әзірге, оны мемлекеттен алып отырмыз. Өзім үшін емес, балам үшін, өтінерім: жергілікті билік пен жомарт жандар баспаналы болуға көмек берсе екен деймін",-деп жанайқайын жеткізді Зебинса Төлеубергенова.
Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Ернар мен оның ата-анасына көмектесемін дейтін жандар болса, келесі шотқа қаражат аударып, телефон номеріне хабарласа алады: 8 707 162 84 41

Халық банк: 5354 5100 9963 8818

Касспий банк: 5169 4902 9770 2952

ИИН: 900504499132

Сбербанк: 4424 7710 1199 5889

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725137-betine-zim-tsip-erte-kartajgan-balakajdy-anasy-bilikke-zanajkajyn-zetkizdi/

pixel