RU
Мемлекет басшысы Досаев пен Шөкеевке "үй тапсырмасын" берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Мемлекет басшысы Досаев пен Шөкеевке "үй тапсырмасын" берді

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өзін азық-түлікпен толық қамтамасыз етуге бет бұруы керек екенін еске салды деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мемлекет басшысы Досаев пен Шөкеевке "үй тапсырмасын" берді

Мемлекет басшысы Досаев пен Шөкеевке "үй тапсырмасын" берді

«Мен әркез азық-түлік белбеуі жайында айтамын. Нағыз тәуелсіз ел болып өзін барлық қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ететін мемлекетті ғана атайды. Біз енді ауыл шаруашылық елміз ғой.
Көп өнімдерді сырттан жеткіземіз. Ет, шұжықты, жеміс пен көкөністерді де сырттан әкелеміз. Біз өзімізде бар барлық өнімді сырттан әкелеміз. Мен білмеймін, мүмкін нанды да сырт елдерден әкелетін шығармыз?» - деп наразылық білдірді елбасы.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта азық-түлік және тамақ өнімдерімен елімізді толық қамтамасыз етуді қолға алу керек екенін айтты.

«Міне, сендерге (Өмірзақ Шөкеев пен Ерболат Досаевқа – агенттік ескертпесі) үй тапсырмасы. Білемін, әзірге пайыздар бойынша біршама қиындау екенін түсінемін. Бірақ, біздің барлық дамуымызды, жаңағы, ет, сүт, құс өндіру - барлығы алдымен өзімізді, ішімізді тамақтандыруды ойлауымыз керек.
Егер де бірдеңе болып қалатын болса, сырттан келетін тамақты ешкім әкелмесе, онда не істейміз? Барлығы бар ішімізде. Жай ғана бұл іспен ұйымдасқан түрде айналысу керек», - деді Назарбаев.
Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
2
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір