RU
"Сені аңдып жүрген бе?": Исекешевтің жауабы Назарбаевтың күлкісін келтірді
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Сені аңдып жүрген бе?": Исекешевтің жауабы Назарбаевтың күлкісін келтірді

Рассказать Вконтакте

Астана әкімі Әсет Исекешевтің әкімдік алдындағы көлік тұрағына қатысты берген жауабы Нұрсұлтан Назарбаевтың күлкісін келтірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Исекешевтің көлік тұрағына қатысты жауабы Назарбаевтың күлкісін келтірді

Исекешевтің көлік тұрағына қатысты жауабы Назарбаевтың күлкісін келтірді

Астананы дамыту мәселелері жөніндегі отырыста Нұрсұлтан Назарбаев көлік тұрақтарына қатысты жағдайдың көңіл көншітпейтінін айтты. Президент "Нұрлы жол" ауданындағы және қалалық әкімдік жанындағы көлікке лық толы тұрақтарды көрсетті.

"Сенің көз алдыңда осындай бейберекет жағдай болып жатса, басқасы туралы не айтуға болады?", — деді мемлекет басшысы Исекешевке қарата.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, ол күні үлкен жиналыс болған секілді", — деп саспады қала әкімі.

"Сені аңдып жүріп, ұстап алған секілді ғой", — деп күлді Назарбаев.

Исекешев биыл Астана әкімдігінің алдында екі мың орынға шақталған жерасты тұрақ салу басталатынын айтты.

"Бұл мәселені шешу керек. Құрылыс команияларын жерасты көлік тұрақтарын салуға міндеттеу керек. Астанадан да үлкен қалалар бар ғой, олар мәселені шешіп жатыр", — деді Назарбаев.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
0
4
3
21
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір