RU
Түрікменстанда әйелдерге қысқа шалбар мен бикини киюге тыйым салынды
Жаңалықтар Әлемде

Түрікменстанда әйелдерге қысқа шалбар мен бикини киюге тыйым салынды

Рассказать Вконтакте

Түрікменстандағы сауда орындарына шолақ шалбар мен бикини әкелуге рұқсат берілмей отыр. Бұл туралы Lenta.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Түрікменстан

Киім дүкендерінің саудагерлері журналистерге қазір соңғы қалған қысқа киімдерді сатып жатқанын айтты, өйткені қоймада оларды әкелуге тыйым салынған.

«Шомылу маусымы жақындаған сайын бұндай киімдерге сұраныс арта түседі, алайда кеден басшылары не үшін тыйым салынып жатқанын түсіндірмеді», - деп жазылған басылымдарда.

«Азаттық радиосы» журналистерінің Түрікменстан кеден басшыларымен байланыс орнатуға жасаған амалдары сәтсіз аяқталды. Дегенмен, жасырын түрде сұхбат берген кеден қызметкері жағдайды түсіндіріп берген.

«Түрікменстанның салт-дәстүріне байланысты қыз-келіншектерге шолақ шалбар мен бикина киюге тыйым салынуы мүмкін» , - дейді ол.

Айта кетерлігі, Наурыз айында мемлекеттік қызметте жүрген әйелдерге жұмыс орнына тым тартымды болып киініп келуге тыйым салған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
5
2
0
34
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel