RU
Ұлыбританияда дәрігерлер қателігінен 29 жастағы ер адам көз жұмды
Жаңалықтар Әлемде

Ұлыбританияда дәрігерлер қателігінен 29 жастағы ер адам көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Ұлыбритания тұрғыны Рикки Кольер екі ай бойы мазасын алған ентікпе мен балтырының кесірінен ауруханаға жүгінеді. Алайда, кәсіби дәрігерлер оған тиісті диагноз қоя алмаған. Ер адам аяғындағы тромб үзілір кеткен соң қайтыс болды деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

29 жастағы Рикки қалыңдығына өзін нашар сезініп тұрғанын айтып, үйге келуін өтінген. Бірден ұша жөнелген әйел үйіне 15 минутта жетіп алды. Белгілі болғандай, оқиға орнына одан бұрын медицина қызметкерлері келіп алса керек.

Рикки Кольер ауруханаға жетпей жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оның сүйіктісінің айтуынша, Рикки онымен қоштасып қатты жақсы көретінін айтып үлгерген.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

29 жастағы ер адам қан тамырлар тромбозынан көз жұмғаны анықталды. Олар өз кезегінде өкпе қызметін бәсеңдетсе керек. Риккиді екі ай бойы мазалап жүрген тромбтарды жергілікті аурухана дәрігерлері мүлдем байқамаған.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Ентікпе мен шыдатпастай ауырған аяғын көрсетпек болған Рикки ауруханаға бір емес 5 мәрте жүгінді. Алайда, дәрігерлер оған ларингит пен бронхит диагноздарын қойып қателесті.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Мамандардың айтуынша, ер адамды қарапайым қан анализі құтқаратын еді. Тек қана дәрігерлердің не себепті қан тексерісін жүргізбегені белгісіз. Қайғыдан қан жұтқан әйел сүйіктісінің қайтыс болғанына әлі де сене алмай жүр. Олардың ортақ үш балалары бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
7
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір