RU
Байбек Алматыда өртенген үйді қысқа мерзімде қалпына келтіруді бұйырды
Жаңалықтар Қоғам

Байбек Алматыда өртенген үйді қысқа мерзімде қалпына келтіруді бұйырды

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Көкжиек шағын ауданында өртеніп кеткен көппәтерлі үйді қалпына келтіру жұмыстарын тез арада іске асыруды талап етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Cонымен қатар, қала әкімі үй тұрғындарының дүние-мүлкін сенімді жерге орналастырып, олардың дін-аман сақталуын қамтамасыз етуді бұйырған.

"Қазіргі уақытта тұрғын үйдегі электр қуаты, газ және тағы да басқа жүйелер сөндірілген. Ертең өрт масштабын анықтайтын комиссиялық тексеріс бастау алады", - деп хабарлады әкімшілік баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі жүргізілетін өрт-техникалық экспертиза нәтижесінде мәлім болмақ. Оның қорытындысы шыққаннан кейін үйді қалпына келтіру жұмыстары басталcа керек.

Еске сала кетейік, Алматының Көкжиек шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Үй тұрғындарын жақын арадағы мектепке орналастырған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel