RU
"Құлап кету қорқынышы үнемі болды": Лифтте қаза тапқан журналистің көршісі жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

"Құлап кету қорқынышы үнемі болды": Лифтте қаза тапқан журналистің көршісі жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбенің 12-ші шағын ауданындағы №19 үй лифтінде 28 жастағы журналист Айзат Әбдісамат қаза тапқан болатын. Үй тұрғындары көршілерінің өліміне кінәлі лифттің бұрыннан бері дұрыс істемегенін ашық айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қайғылы оқиға орын алған үйдің тұрғыны лифттің істен шығып қалғанына біраз уақыт өткенін айтты. Оның айтуынша, үй тұрғындары лифтке кіре бергенде үнемі құлап кетуден қорыққан. Тіпті бір емес, бірнеше мәрте ішінде қалып қойған кездері де болған көрінеді.

"Лифтіге мінген сайын құлап кетеміз бе деп қорқатынмын", - деді үй тұрғыны.

Алайда ПИК-нің өкілі Кенен Жәнібеков лифттердің жұмыс істеуінде ешқандай да ақау болмағанын айтып, қайғылы оқиға қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтанбағандықтан болды деп есептейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
12
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel