RU
Үй төбесінде жүгіріп жүрген балалардың видеосы желіні дүрліктірді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Үй төбесінде жүгіріп жүрген балалардың видеосы желіні дүрліктірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Интернет желісінде салынып жатқан көпқабатты үй төбесінде жүгіріп ойнақ салған балалардың видеосы тарап кетті. Бейнежазбадағы бүлдіршіндердің қылығы желі қолданушыларын наразылығын тудырған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Желіде дау тудырған видео zhivem_v_astane атты Instagram парақшасына жүктелген. Бейнежазба авторы оқиғаның елордадағы Түркістан көшесінде құрылысы әлі аяқталмаған үйлердің бірінде орын алғанын айтты.

Оның айтуынша, бұл ғимараттың құрылысы бірнеше жыл бұрын тоқтап қалған. Оның аумағын қоршап қайканына қарамастан, балалар үй төбесіне шығып ойнақ салуды әдетке айналдырса керек.

"Бұл балалар үй төбесіне жиі шығып тұратыны бар. Мүмкін өз балаларын ата-анасы танып қалар деген үмітпен видео жүктедім. Әкімшілік бұл үйге қатысты шара қолданса деген ниет бар", - делінген видео астындағы жазбада.

Желі қолданушылар бұл оқиғаға қатысты өз наразылықтарын білдіріп қана қоймай, балақайлар ата-аналарын да қатты сынға алды. Олардың ойынша, мұндай ойындар жақсылыққа апармасы анық.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel