RU
58 адам ұшынған асты жұқпалы дерті бар әйел әзірлегені анықталды
Жаңалықтар Қоғам

58 адам ұшынған асты жұқпалы дерті бар әйел әзірлегені анықталды

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысында болған жаназадан кейін адамдардың көбісі өздерін жайсыз сезінген. Нәтижесінде олардың сальмонеллез жұқтырғаны анықталды. Ұшынып қалған 58 адамның 15-і ауруханада жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Шортанды кентінде берілген астан кейін 58 адам ұшынып қалған. Олардың 15-і ауруханадан бір-ақ шықса, қалғандары үйлерінде емделуге шешім қабылдаған көрінеді.

Санитарлар тексерісінен кейін әзірленген еттің лас үйде туралып, жылы жерде бір тәулік бойы тұрып қалғаны анықталған. Оған қоса, енді инфекцияның негізгі тасымалдаушысы да белгілі болды. Бірталай адамның улануына себепкер болған әйел де Егемен ауылының тұрғыны болып шықты.

Ауруханада тиісті ем алған науқастар үйлеріне жіберіліп жатыр. Сальмонеллездің таралуына себепкер болған әйел де жазылып шықса керек.

"Эпидемиологиялық тексеру нәтижесі бойынша, жұқпаның көзі болып бактасымалдаушы табылды. Ол тамақ әзірлеуге, ет пісіруге және жұқа нан пісіруге қатысқан әйел адамның бірі болды", - деп мәлімдеді Ақмола облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
5
2
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel