RU
Ауа-райы: Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа-райы: Қазақстанның басым бөлігінде жел тұрып, жауын жауады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде жауын-шашын жауады, тек солтүстік және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл, бұршақ болуы ықтимал деп хабарлайды РМК Қазгидрометке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: РМК Қазгидромет

Фото: РМК Қазгидромет

Қызылорда облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с, күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз Жалаңашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel