Өрмекшіні жеп қойдым: Опера әншісі "Макдональдсқа" енді қайтып бармайтын болды
Танымал опера әншісі Кьяра Харви "Макдональдс" мейрамханасына кіріп, жылдам тамақтанып алайын деп шешкен. Алайда ондағы бургердің арасынан өрмекшіні көріп, онда кіргеніне өкініп қалды деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото thesun.co.uk
Кьяра өрмекшіні көрген соң, жиіркеніп кетіп, оны дәмхана менеджеріне қайтарған. Алайда әлгі қызметкер кешірім де сұрамаған. Әншіге жай ғана басқа бургермен орнын алмастырып беруге ұсыныс жасапты.
"Мен бургерді көріп жағамды ұстап қалдым. Енді қайтып ол жерге бармаспын", - деп жазған ол әдеуметтік желідегі парақшасында.
Оны көрген желі қолданушылары Кьяраны қолдап, жарыса пікір қалдырған.

Фото thesun.co.uk
"Осы барлығына сабақ болсын, "Макдональдсты" ешқашан жемеңдер", "Сіздің орныңызда болғанымда өлі өрмекшіні сол менеджердің аузына салар едім", - деп жазған олар.
Осы шудан кейін мейрамхана желісінің әкімшісі әншіге хабарласып, тағы да тегін түскі ас беруге ұсыныс жасапты. Ал ол сөзге келместен бас тартқан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!