RU
Атырауда тауық өнімдерінен аса қауіпті бактерия табылды
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Атырауда тауық өнімдерінен аса қауіпті бактерия табылды

Рассказать Вконтакте

Атырауда тауық еті өнімдерінен қауіпті бактериялар табылды. Ол - атогендік микрофлора немесе сальмонелланың бактериялық тұқымы мен ішек таяқшасы екені анықталған деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

«Белградкорм» компаниясының «Брянский бройлер», «Ясные зори», «Ставропольского бройлера» компаниясының «Благояр» мұздатылған тауық еттерінен, «СПК Курников» компаниясының «Натуральный» және «Курочкино» ет өңдеу кәсіпорнының «Достойный выбор» тартылған тауық еттерінен патогендік микрофлора немесе сальмонелланың бактериялық тұқымы, сондай-ақ ішек таяқшасы табылды.

Белгілі бір жағдайларда олар тағамдық токсикалық инфекцияға ұшыратады», - деді қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы техникалық регламенттеу бөлімінің басшысы Гүлнәр Сүлейменова.

Оның айтуынша, сатуға қойылған тауарлардың сапасы мемлекеттік тапсырыс бойынша тексеріледі. Атырауда осындай тауардың сынамалық түрін сатып алуға бюджеттен ай сайын 600-700 мың теңге бөлінеді.

Айта кетерлігі, аталған сапасыз өнімдерге қатысты әкімшілік шара қолданылады.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/atyrauda-tauyk-etinen-ishek-tayakshasy-tabyldy_a3209583

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз http://www.inform.kz/kz/atyrauda-tauyk-etinen-ishek-tayakshasy-tabyldy_a3209583

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
4
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір