RU
Қостанайда сүйіктісін қызғанып, буындырып өлтірген жігіт сотталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанайда сүйіктісін қызғанып, буындырып өлтірген жігіт сотталды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысында 31 жастағы Абай Мұхамбетов сүйіктісін қылқындырып өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Ng.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ng.kz

Фото: ng.kz

Бегілі болғандай, 2017 жылдың 27 қарашасында қылмыскер өзінің 22 жастағы сүйіктісін төсек жаймасымен қылқындырып өлтірген. Ол марқұм болған студентті қатты қызғанған көрінеді.

Сөт алқасы Мұхамбетовті 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, қаза болған арудың әжесіне 1,5 миллион көлемінде өтемақы мен 120 мың теңге өкілдіктік шығын төлеуге міндеттеді.

Іс материалында атап көрсетілгендей, марқұм болған Рудный тұрғыны "азаматтарға ақылы түрде итнимдік қызмет көрсеткен". Ал Абай Мұхамбетовпен ара-қатынасы тіптен жақын болыпты. Осыдан кейін азамат бойжеткенге аталмыш қызметінен бас тартуды сұрап, апта сайын 15 мың теңгені өзі беріп тұратынын айтқан. Оған студент келіскен екен.

27 қараша күні қыздың үйіне санитарлық техниканы жөндейтін еркек келеді. Ол су шүмегін жөндеп, үйден шыға бергенде, Мұхамбетовпен кездеседі. Қылмыскер бөтен ер адамды бірден сүйіктісімен қатынасқа түсті деп ойлап қалады. Осылайша, қызғаныш оты лаулаған жігіт үйге кірі, қызды буындырып өлтірген.

Ол кінәсін толық мойындады.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір