RU
Ақтөбеде лифт жаншып өлтірген әйелдің қызы бас жарақатымен ауруханаға түсті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде лифт жаншып өлтірген әйелдің қызы бас жарақатымен ауруханаға түсті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде көпқабатты үйдің лифтінде қысылып қалған әйелдің үш жасар қызы бас жарақатымен ауруханаға түсті. Ол анасының қиналған сәтін көзімен көрген деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айзат Әбдісамат. Фото: Instagram

Айзат Әбдісамат. Фото: Instagram

Лифт сүйреп әкеткен келіншек бірден көз жұмған. Сол сәтте кабина ішінде оның үш жасар қызы болған.

"Жедел жәрдем жеткенде келіншек көз жұмған. Қасында кішкентай қызы жылап отырды. Бүлдіршін шошынып қалған. Бас жарақатын алыпты. Оны балалар ауруханасына жеткіздік. Ал келіншектің аман қалуы мүмкін емес еді. Себебі қан тамырларының барлығы үзілген. Лифтінің шахтасымен есік жақтауының арасында сүйретілген", - дейді Ақтөбе облыстық жедел жәрдем бекеті бас дәрігерінің орынбасары Дастан Панақызы.

Қайғылы оқиғадан кейін лифтіні мамандар майыстырып ашқан. Қазір оның есігі опырайып ашық тұрған көрінеді.

Еске салсақ, 4 сәуір күні Ақтөбеде лифтіге мінген журналист әйел кабина мен шахтаның екі ортасында қалып қайтыс болған еді.

Ішкі істер департаменті аталмыш оқиғаға байланысты шара қолданып жатқанын хабарлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
1
1
17
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір