RU
"6 жасқа да толмаған": Жетпіске жуық атыраулық бала Сириядағы соғыста жүр
Жаңалықтар Қоғам

"6 жасқа да толмаған": Жетпіске жуық атыраулық бала Сириядағы соғыста жүр

Рассказать Вконтакте

Жетпіске жуық бала соғыс даласында жүр. Бұл – Атырау облысынан ата-аналарымен бірге Сирияға аттанған балалардың саны. Олардың отыздан астамы әлі 6-ға да толмаған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Әлі алты жасқа да толмаған": Сирияда жүрген атыраулық балал

Көрнекі фото

Мұндай ақпаратты Атырау облыстық дін істері басқармасы таратты.

Сирия асқан кішкентай атыраулықтардың нақты саны - 67 көрінеді. Олардың екеуі сол жақта жүргенде кәмелет жасына толған. Ал балалардың 34-і мектеп жасында болса, 31-і балабақшаға бару керек екен.

Жалпы Сириядағы соғыс басталғалы бері Атыраудан ол жаққа 54 адам аттанған . Олардың көпшілігі – әйелдер. Араларында түгелдей отбасымен шекара асқандар да жетерлік: мұндайлардың саны – 12.

Сондай-ақ, Дін істері басқармасындағылар шетелге діни білім алу үшін кеткен 10 студентті елге қайтарғандарын алға тартты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
2
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel