RU
"Қазақстан аруы" атанған 16 жастағы атыраулық ару өзін сынағандарға жауап берді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

"Қазақстан аруы" атанған 16 жастағы атыраулық ару өзін сынағандарға жауап берді

Рассказать Вконтакте

Наурыз айының соңында "Мисс Қазақстан-2018" байқауында жеңімпаз атанған Альфия Ерсайын Sputnik Қазақстан басылымына сұхбат беріп, ішкі қорқыныштарымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: © Sputnik /Болат Шайхинов

Фото: © Sputnik /Болат Шайхинов

16 жастағы атыраулық ару өз жеңісіне біразға дейін сене алмай жүріпті.

Альфия еліміздің ең сұлу аруы атанғаннан кейін, оған қатысты халық пікір екіге жарылды.

Кейбіреулер қолдаса, енді бірі керісінше, сынның астына алған болатын. Осыған қарамастан, ару өзіне деген сенімділігін жоғалтпапты.

"Мен байқауға қатысатын кезде көп адам мақтаса, біршамасы сынайтынын да түсінгенмін. Халықтың сыны мен үшін сынақ, соның көмегімен мен шыңдаламын", - дейді ол.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сұлу бойжеткен өзінің қараңғы мен биіктіктен қатты қорқатынын жасырмады. Сондай-ақ, жеке өмірі туралы да тарқатып айтып берді.

"Менің басым бос. Әрине сөз салушылар өте көп. Ал байқау өткен соң, танысайық дейтіндер қатары бірден артып кетті. Ал болашақ жарым өз ісінің нағыз маманы болса деймін. Мұнайшы немесе жүргізуші болса да бәрібір. Тіпті бойы мен салмағына да қарамаймын", - дейді Альфия.

Еске салсақ, Астанада өткен "Қазақстан аруы - 2018" ұлттық байқауында"Атырау аруы" Альфия Ерсайын жеңімпаз атанған еді. Ол енді "Әлем аруы" байқауында еліміздің намысын қорғайтын болады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір