RU
Ақтауда кішкентай балаларға шабуыл жасаған педофил іздестірілуде
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда кішкентай балаларға шабуыл жасаған педофил іздестірілуде

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық полицейлер ата-аналарды аса сақ болуға шақырып жатыр. Тіпті, мектептерде арнайы шаралар өткізіліп, тәртіп сақшылары арам ойлы азғынның түр-әлпетін сипаттап берген деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ

Ақтауда кішкентай балаларға шабуыл жасаған педофил іздестірілуде

Ақтауда кішкентай балаларға шабуыл жасаған педофил іздестірілуде

Олардың айтуларынша, күдіктінің бойы ұзын, көзі көк. Аузында бір тісі жоқ, ал өзі ақсап жүреді екен.

Абырой болғанда, одан ешкім зардап шекпеген. Бірақ кішкентайлар қатты шошынып қалған.

Дегенмен нақты қанша балаға шабуыл жасалғаны және оқиғаның қай ауданда болғаны белгісіз. Ішкі істер қызметкерлері болса "ешқандай педафил жоқ, бұл жалған ақпарат" дегенді алға тартып отыр.

Қазір осыны таратқандар да іздестіріліп жатқан көрінеді.

Ал қаладағы мектептердің бірі учаскелік полицейлердің қатысуымен ата-аналар жиналысының өткенін растады.

"Инспекторлардың айтуынша, педофил балаларға шабуылдаған. Енді сондай жағдайлар қайталанбас үшін, құлаққағыс ретінде ата-аналардың жиналысын өткіздік. Оқушыларды үлкендер мнідетті түрде мектепке шығарып салып, күтіп алу керек", - дейді №7 мектеп директорының орынбасары Ляззат Жақсыбаева.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel