RU
Жезөкшелерге бара алмай қалған қытайлар Пәкістанда шу шығарды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Жезөкшелерге бара алмай қалған қытайлар Пәкістанда шу шығарды (видео)

Рассказать Вконтакте

Пәкістанның Пенджаб провинциясына жұмыс істеуге барған қытайлықтар жергілікті полицияға қарсы шаубылдады. Тәртіп сақшылары шетелден келген инженерлерге жұмыс лагерінен шығуға тыйым салған деп хабарлайды Dawn News TV арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қытайлық инженерлер Ханевалдағы жұмыс лагерінен шығып, "қызыл шамдар көшесіне" бармақ болған.

Алайда, шетелдік жұмысшыларға қауіпсіздік саласы қызметкерлерінің жанында ғана көшеге шығуға рұқсат етілген екен.

Қытай азаматтары бұл ережеге қарсылық танытып, ереуілге шыққан. Олар жұмысын тоқтатып қойып, полиция қызметкерлеріне шабуылдапты.

Айта кету керек, Қытайдан келген жұмысшылар мен Пәкістан полициясының арасында осымен бірнеше рет шу шығып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір