RU
20 жыл бойы зорлық көрсеткен азаматпен бірге тұрған әйел жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

20 жыл бойы зорлық көрсеткен азаматпен бірге тұрған әйел жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Көкшетаулық Елизавета есімді әйел 20 жылдан астам уақыт азаматтық некеде болған. Айтуынша, ол бүгінде әділдікке жете алмай жүр. Ал туған ұлы өзінен алшақтап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: zacep.com

Көрнекі фото: zacep.com

Елизавета өзінің бұрынғы жарымен 11 жасында, әпкесінің тойында танысыпты. Ол кезде жігіт 23 жаста болған екен. Екеуі біраз уақыт араласып жүріп, қыздың жасы 15-ке толғанда, азамат оны зорлап кетеді.

Лизаның ата-анасы аталмыш оқиғаны жасыруғы тырысып, С.-ға тұрмысқа береді. Сонымен, ару "ауылда ұят болмасын" деп, бала арманының барлығын артта қалдырады.

Лизаның жасы кәмелетке толмағандықтан, олар ресми түрде үйленбеген. Азамат кешірек неке құжатына қол қоямыз деп алдап, 22 жыл жүріпті.

16 жасында Лиза тұңғыш ұлына жүкті болады. Алайда жүйкесі жұқарып, күнде таяқтың астында қалғандықтан, одан кейін көтерген балаларын түсіріп ала берген.

Күйеуі күнде ішіп, шу шығаратындықтан, енесі олардың заттарын ұстатып, әлі салынып бітпеген үйге тұрыңдар деп жібереді. Екі бөлмеде тұрып, құрылыстың қалған бөлігін әйел өзі бітіреді.

Ер азаматы жұмыс жасамаса да, Лиза барлығына өзі жүгіріп, отбасылық жағдайын бір қалыпқа келтіргендей болады. Алайда С. біреуді атып кетіп, үш ай бойы қашып жүреді. Соңында бәрібір қолға түсіп, жазасын шартты түрде өтейтін болған.

Оның жалғыз ұлы үлкен азамат болып өсіп, спортта жақсы жеткістіктерге жете бастайды.

Уақыт өте келе күйеуі ұрыс-керіс пен сабауын тоқтатпаған соң, Лиза одан ажырасамын деп шешіпті.

"Мені тағы да қатты ұрып тастаған соң, мен үйден кетіп қалдым. Күйеуімді сотқа беріп, маған пәтер алып берсе дедім. Алайда сотта ол жеңіп кетті де, маған түк бермей қойды", - дейді Лиза.

Әйел қазір пәтер жалдап, екі жұмыста қатар істеп жүр. Бірақ оған ең ауыр тиетіні - баласының алшақтап кеткені екен.

Лиза бұрынғы күйеуім ұлымды маған қарсы айдап салды деп отыр. Оның анасынан шеттеп кеткені соншалық, тіпті, үйлену тойына да шақырмай қойыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
6
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір