RU
ОҚО-да қанды қылмыс жасаған ер адам кінәні марқұм әйеліне жапқан
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ОҚО-да қанды қылмыс жасаған ер адам кінәні марқұм әйеліне жапқан

Рассказать Вконтакте

ОҚО Сайрам ауданының Қарабұлақ елдімекеніндегі мектеп мұғалімінің өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Күйеуі 31 жастағы әйелін "өзін-өзі өлтірді" деп мәлімдеген еді. Бірақ тергеу жұмыстарының нәтижесі күйеуінің мәлімдемесінің шындыққа жанаспайтындығын дәлелдеді деп хабарлайды Otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жантүршігерлік қылмыс

"Өз әйелін ұрып, қылқындырып өлтірген. Сөйтіп өзін-өзі өлтіргендей етіп көрсетуге тырысқан".

Жұбайын өлтірген Еркінжан Нартаевқа сот осындай айып тақты. 5 сәуір күні ОҚО мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыскерге үкім оқылды.

«Қылмыстық кодекстің 99-шы бабы, 1-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін», - деді судья Дәурен Мадалиев.

Осылайша өз әйелін өлтірген сотталушы енді 11 жылын темір торда өткізетін болады. Сондай-ақ, марқұмның ата-анасына 3 миллион теңге моральдық айыппұл төлейді.

Айта кетер болсақ, қаңтар айында марқұм әйелдің денесі өз үйінен табылған еді. Туыстары марқұмды шөп жинайтын сарайдың ішінде өзін асып қойғанын айтқан болатын.

Бірақ марқұм Юлдуздың ата-анасы қызының денесінен қатыгездікпен ұрылған соққы іздерін байқаған.

Алғашында бұл іс әйелді өзін-өзі өлтірді деп, қылмыс құрамы жоқ деп жабылған еді. Қоғамдық ұйымдардың араласуымен қылмыстық іс қайта қолға алынды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
3
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір