RU
"Ұятмендер мені жеңді": Баян Алагөзова ашық-шашық суреттерден бас тартқан
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ұятмендер мені жеңді": Баян Алагөзова ашық-шашық суреттерден бас тартқан

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзова желіге жағажайлық суреттерін жүктегісі келмейтінін, өзін «ұятмендердің» жеңгенін мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұятмендер мені жеңді: Баян Алагөзова ашық-шашық суреттерін желіге жүктемейтінін айтты. Фото:Instagram

Ұятмендер мені жеңді: Баян Алагөзова ашық-шашық суреттерін желіге жүктемейтінін айтты. Фото:Instagram
Source: UGC

Продюсер бұл жайында Instagram парақшасында жазриялады.

«Жағажай киімімен түскен суретті қатты жүктегім келеді. Демалыста жүргенде сондай сурет жүктегенге не жетсін?! Бірақ, енді ашық фотоларымды салмаймын деп ойлаймын. Себебі, «ұятмендер» мені жеңді», - деп жазды Алагөзова.

Ал желі қолданушылары продюсердің бұл ісіне қайран қалғандарын жасырмады.

«Осы жолы дұрыс жасапсыз», «Иә, қайтесіз ашық суреттеріңізді жүктеп», «Ұят кірсе, иман қатар жүреді» деп жарыса жазды.

Тіпті кейбір оқырмандар Алагөзованы жүкті деп ойлады.

«Мүмкін аяғыңыз ауыр шығар?», «Жүкті болғандықтан сурет жүктемедіңіз бе?», «Осы сіздің аяғыңыз ауыр-ау» деді олар.

Сіздің реакцияңыз
5
4
3
0
1
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel