RU
Ғалымдар қазақтарға ғана тән үш ерекшелікті анықтады
Жаңалықтар Қоғам

Ғалымдар қазақтарға ғана тән үш ерекшелікті анықтады

Рассказать Вконтакте

Ғалымдар тек қазақтарға тән үш ерекше ген барын анықтады. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына Республикалық трансфузиология орталығының директор орынбасары Шайжамал Мусабекова мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ғалымдар қазақтарға ғана тән үш ерекшелікті анықтады. Фото: Jimmy Nelson

Ғалымдар қазақтарға ғана тән үш ерекшелікті анықтады. Фото: Jimmy Nelson

Белгілі болғандай, қазақтардың ағзасында өзге халықтарда кездеспейтін үш ерекше ген түрі бар екен.

Зерттеушілер қазақтарға ғана тән бұл үш ген иммундық қызметтің жұмысына жауап беретінін анықтаған. Яғни қазақ халқының иммунитеті өзге халықтарға ұқсамайтын болып шықты.

Ғалымдар әр халықтың өзіне ғана тән гені болатынын бұған дейін де анықтай алған. Мәселен, Тибет тұрғындарынан қан айналымының жақсы болуына жауап беретін ерекше ген табылған. Бұл тибеттіктердің таулы аймақта қиналмай тіршілік етуіне көмектеседі екен.

Ал чукчалықтар суыққа төзімді болуға бейімдейтін генге ие болып шықты. Тынық мұхиты маңында тұратын мокен халқы су астында көру қабілетін еселейтін ерекше генмен туылады. Сол себепті, олар қарапайым адамдарға қарағанда су астында екі есе жақсы көреді.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
4
0
2
2
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір