Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүниеге сәби әкелген финляндиялық азамат әлемді таңғалдырды

Опубликовано:

Финляндияда трансгендер еркек бала босанған. Бұл жағдай мемлекет тарихында алғаш рет болып отыр деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме берген NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Бастапқыда әйел болып туылған жас әке 2016 жылы жынысын ауыстырып тастаған. Оның енді еркек екенін растайтын құжаты да бар.

Бала көтеру мақсатында ол гормондық терапияны да тоқтатып қойып, нәтижесінде жүктілік қауіпсіз түрде өткен.

Трансгендердің ата-анасы босанарға дейін көптеген проблемаларға тап болғанын айтады. Әсіресе электронды жүйелер еркектің жүктілігін растағысы келмей, қажетті құжаттарды кешіктіріп әбігерге салған.

Еске сала кетейік, 2017 жылы америкалық трансгендер тұнғыш болып, әйел кезі мен жынысын ауыстырғаннан кейінгі еркек кейпінде де бала босанған. Баланың ата-анасы оның жынысын айтудан бас тартып, оны өзі өскен кезде шешеді деп айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725233-dniege-sbi-kelgen-finlandialyk-azamat-lemdi-tagaldyrdy/

pixel