RU
АҚШ-та қазақтың туын желбіретіп жүрген танымал әнші елді сүйсінтті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

АҚШ-та қазақтың туын желбіретіп жүрген танымал әнші елді сүйсінтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ешкімге ұқсамайтын ерекше образымен және айрықша даусымен танылған отандық әнші Ғалымжан Молданазар Америкада қазақтың туын желбіретіп, елді сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал отандық әнші Америкада ерекше отандық стилімен танылды. Фото: Instagram

Танымал отандық әнші Америкада ерекше отандық стилімен танылды. Фото: Instagram
Source: UGC

Әнші өз тобымен бірге қазіргі уақытта АҚШ-тың ең үлкен қалаларында гастрольдік сапармен жүр.

Оның Америкада көлігіне өз туымызды қойып жүргені көптеген азаматтардың мақтанышын тудырды.

«Жарайсың», «Сен біздің мақтанышымызсың», «Фильмдегідей болып тұрсыздар ғой», - деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, әнші жақында ғана «Есімде бәрі» деген атаумен жеті тректен тұратын үнтаспаны жарыққа шығарған болатын. Сондай-ақ, Молданазар тойсыз да ақша табуға болатыны жайлы мәлімдеген еді.

«Тойсыз да ақша табуға болады. Димаш бар, «91» бар. Оларда әлемге шығып жатыр. Неге соларды айтпасқа? Неге қазақ бауырларымызбен мақтанбасқа? Коммерциялық концерттер көп болды. Жабық концерттер. Сол үш жылдың ішінде жаңа әндер шығаруға біздің уақытымыз болған жоқ. Осы жаңа жылдан бастан барлық концерттерге келісім бермей, шағын альбомды бітіруге бел буып, бітіріп, тыңдарманымызға ұсындық», - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel