RU
Головкин 5 мамыр күні ақыры жекпе-жекке шығатын болды
Жаңалықтар Спорт

Головкин 5 мамыр күні ақыры жекпе-жекке шығатын болды

Рассказать Вконтакте

Невада шататының атлеттік комиссиясы Геннадий Головкиннің келесі жұдырықтасуының күні мен өтетін орнын ресми түрде бекітті деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Eurosport

Фото: Eurosport

5 сәуір күні болған комиссия жиналысында "GGG Promotions»-тің келесі жекпе-жекті 5 мамыр күні Лас-Вегастағы MGM Grand төрінде өткізу туралы өтініші қабылданған.

Еске сала кетейік, бұған дейін 5 мамырға Головкиннің Сауль Альварестің қарымта кездесуі белгіленген болатын. Алайда, допингтік тексеріс дауына қалған мексикалық боксшы реванштан бас тартты.

Ендігі қалғаны - Геннадийге қарсылас табу. Жекпе-жекке шығуға үш кандидат қарастырылып жатыр.

Олар: ирландық Гэри О’ Салливан, украиндық Сергей Деревянченко және америкалық Деметриус Андраде.

Генаға қарсы жекпе-жекке нөмірі бірінші үміткер ретінде «Канелло»-ның отандасы Хайме Мунгия болған. Алайда ол NSAC шешімі бойынша жұдырақтасуға жіберілмеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
2
1
0
8
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір