RU
Аружан Сайын омбудсмен Зағипа Балиеваның қызметінен кетуін талап етті
Жаңалықтар Қоғам

Аружан Сайын омбудсмен Зағипа Балиеваның қызметінен кетуін талап етті

Рассказать Вконтакте

Қоғам белсендісі Аружан Сайын белгілі депутат, балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның қызметінен кетуін талап етіп, мемлекет басшысына ашық хат жолдады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Сурет ашық дереккөзден алынды
Source: UGC

Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған. Онда ол Балиеваны «үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына кедергі келтіретін және қоғам пікірін еш елемейтінін» алға тартқан.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевақа жазған ашық хатында, олар «Зағипа Балиеваның қызметінен кетсін» деген өтініш білдірген. Сонымен бірге, қоғам белсенділері хатта Балиева ханымның ОҚО-дағы «зорланған» деп танылған баланың құқығын аяққа таптағанын айтып, уәкілдің балалар үйін сақтап қалу идеясын жақтап шығу арқылы, бөбектердің ата-ана, отбасымен бірге болу құқығынан айырғанын жеткізген.

Ашық хатта қол қойғандардың арасында белгілі кәсіпкер, меценаттың жұбайы Анар Рақымбаева, Аружан Сайынның өзі мен өзге де көптеген белгілі тұлғалар бар.

Айта кетейік, бұған дейін танымал құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рақымбаев та өз парақшасында Балиеваны сынап, жазба қалдырған еді.

Сіздің реакцияңыз
3
3
0
1
2
32
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel