Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақыт Шадаева: Сейфуллин Жолбарыс үйімнің ақшасын қайтармай жүр

Опубликовано:

Сейфуллин Жолбарыс елге белгілі әншінің үйіне кіріп алып, ақысын төлемей қойған деп хабарлайды «Ұнамаса қарама» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ: UGC

Бұл жайында Бақыт Шадаеваның өзі айтып берді.

«Сейфуллин Жолбарыспен сәлеміміз онша емес. Кезінде оның әндерін ұнатып, қаражатын төлеп, жағдайын жасадық. Сейфуллиннің жағдайын жасап, тіпті аппараттарын да алып бердік. Кейін мен жаңа үйге көшіп, ескі үйімді ол сатып алғысы келді. Мен «жарайды» деп келістім. Ештеңе ойламадым. Ол үйге көшіп, кірді», - деді Шадаева.

Жарты ақшасын төлеп, жартысына ән жазып беремін деген Сейфуллин Жолбарыс әншіні алдап кеткен.

«Ол кейін үйдің жарты бағасы бермек түгілі, ештеңе төлемей қойған. Сондай бауырмашылық танытқан жігіт, айтқан уәдесін ұмыта бастады. Кейін бәрін жоққа шығарды. Тұмсығын көтеріп, «Сенен де асқан әншілерге ән жазамын» деп мені өкпелетіп қойды. Оны кешірдім, бірақ жүректе қалып қойды», - деп ағынан жарылды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1725285-bakyt-sadaeva-sejfullin-zolbarys-jimni-aksasyn-kajtarmaj-zr/

pixel