RU
Көзін жұмған күйінде сурет салған қазақ суретшісі ресейліктерді тамсандырды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Көзін жұмған күйінде сурет салған қазақ суретшісі ресейліктерді тамсандырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Жұмулы көзімен сурет салған қазақ суретшісі Ренат Елубаева дүйім ресейліктерді айрықша қабілетімен таңғалдырды. Дарында суретші бір емес, бірнеше туындысын көзі жұмулы болса да, ерекше етіп салған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Елена Раева есімді желі қолданушысы өзінің Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған.

"Қайталанбас! Теңдессіз қазақ суретшісі Ренат Елубаев Қилыбай Мәскеуде жұмулы көзімен сурет салуда. Мен мұндай әлі көрмедім! Қазақстанда дарынды адамдар көп. Ал Ренат өзінше ерекше. Бұл видеоны таратуға көмектесіңіздер! Ел өзінің айрықша тұлғаларын білуі тиіс. Ресейлік басылымдармен хабарласып едік, олар: "Өкінішке қарай Ренат РФ азаматы емес, ол туралы өз елі жазсын", - деп жауап берді", - деп жазды Елена.

Ал желі қолданушылары болса, Ренаттың айрықша қабілетіне таңғалып, оған жағымды жаңалықтарын жаудырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
0
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel