2018 жылдың ең таңдаулы арулары қазақ жазушыларын білмей масқара болды (видео)
Биылғы жылы «Қазақ аруы – 2018» атағын жеңіп алған Нәбира Рахымжан мен «Қазақстан аруы» Әлфия Ерсайын танымал қазақ жазушыларын білмей масқара болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Олар «Өз ойым» бағдарламасына қонаққа келген.
Жүргізушінің қойған сұрақтарына қос ару жауап таппай, қысылып қалды.
««Қан мен Тер» кітабының авторы кім? Жарайды мұны білмесеңіздер «Көшпенділерді» кім жазған?», - деген қарапайым сұрақтарға сұлулар жауап қайтара алмады.
Сондай-ақ «Ақбілек» романының авторы мен Абайдың анасы мен әжесінің есімі де сұралды.
Айта кетейік, видеоны көрген желі қолданушылары қарапайым сұрақтарға жауап бере алмаған бойжеткендерді сынның астына алды.
Олар «Шынымен ұят екен», «Не деген сұмдық?», «Қазақтың жазушыларын білмей тұр. Кітаптағы кейіпкерлердің есімін атай алады деп ойламаймын», «Бой түземестен бұрын, ой түзеп алыңдар» деп реніштерін білдірді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
39
3
4
1
0
1
1
Тағы да оқыңыздар
Пікір