RU
Өскеменде ешкімге керек болмай қалған Абайдың ескерткіші 300 мың теңгеге сатылғалы жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде ешкімге керек болмай қалған Абайдың ескерткіші 300 мың теңгеге сатылғалы жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Өскеменде ұлы Абай мен Михаэлистің мүсіндері сатылмақ. Ескерткіштерді сатылымға шығарған тұрғынның айтуынша, оны кезінде жергілікті әкімдіктердің бірі тапсырыс беріп жасатып алып, сол күйі ақшасын бермей кеткен. Қазір ұлы ойшылдардың мүсіні 200-300 мың теңгеге бағаланып отыр деп хабарлайды YK-News-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: YK-News.kz

Фото: YK-News.kz

Өскеменде хабарландыруларға арналған белгілі сайттардың бірінде Абай мен Михаэлистің мүсіндері сатылады деген ақпарат пайда болған.

Ақпарат тараған бойда, басылым журналистері аталған нөмерге хабарласқан екен. Хабарландыруды сайтқа салған адам – мүсінді дайындаған Владимир Самойловтың ұлы болып шыққан. Айтуынша, мүсінші осыдан екі жыл бұрын өмірден өткен екен. Ал мүсінді жасаған әкесіне сол күйі еңбекақы төленбепті.

Фото: YK-News.kz

Фото: YK-News.kz

Фото: YK-News.kz

Фото: YK-News.kz

Басылым берген ақпаратқа сүйенсек, Михаэлис бюсті – 200 мың теңгеге бағаланса, ұлы Абайдыкы – 300 мың теңгеге сатылмақ екен.

Өкініштісі, Абай Құнанбаевтың мүсініне кезінде жергілікті аудан әкімдіктерінің бірі тапсырыс беріп, белгісіз себептермен сол күйі алмай кеткен екен.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
6
1
5
0
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір