RU
Жапонияда көркінен көз сүрінетін қыз-жігіттерді жұмысқа қабылдамайтын болды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Жапонияда көркінен көз сүрінетін қыз-жігіттерді жұмысқа қабылдамайтын болды

Рассказать Вконтакте

Белгілі жапониялық компаниялардың бірі әдемі қыз-жігіттерді жұмысқа қабылдамау керек деген шешімге келіпті. Айтуларынша, мұндай мамандар ерте отбасын құрып, бар күш-жігерін жұмысқа жұмсамайды екен деп хабарлайды SoraNews 24 порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сурет ашық дереккөзден алынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Мұндай ақпаратты компания қызметкерлерінің бірі өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған. Айтуынша, олардың компанияларында ер адамдарға да бала күтіміне байланысты демалысқа шығуға болады екен.

Әйтсе де, "қазіргі таңда компания білікті, бірақ өте ұсқынсыз" қызметкерлерді жаппай қабылдап жатқан көрінеді. Бұл әрекетін, басшылар "әдемі мамандар отбасын тез құрып, жұмысқа қарамай кетеді" деп түсіндірген.

Жазба бірден желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түскен. Ол аз уақыт ішінде 10 мыңнан астам лайк жинап, қоғамдық резонанс тудырған.

Көпшілік бұл қате шешім деп, компания басшылығын сынға алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
2
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel