Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі гимнастшы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кетті

Опубликовано:

Әйгілі қазақ гимнастшысы Әлия Юсупова алғаш рет жеке өмірі туралы айтты. Ол танымал шенеунік, мемлекеттік органдарда түрлі басшылық қызметтерді атқарған күйеуі Нұржан Әлтаевпен ажырасқанын мәлімдеді. Айтуынша, күйеуі ажырасу туралы ұсынысты өзі жасаған. Бұл туралы ол vesti.kz сайтына берген сұқбатында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Әйгілі қазақ гимнастшысы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кеткенін мәлімдеді
Фото: caravan.kz: UGC

"Мен жеке өмірім туралы ешқашан тіс жарған емеспін, бұған қатысты еш жерде айтпаймын. Себебі, ол - жеке өмір. Бірақ екі жыл бұрын күйеуіммен ажырасып кеткенімді айтып өткім келеді. Осымен жеке өміріне қатысты сұрақтарға нүкте қойғым келеді.

Ажырасу туралы бастама оның тарапынан болды. Ол Рио Олимпиадасы қарсаңында болған еді. Алайда менің отбасылық проблемаларым ел үшін маңызды додаға кері әсерін тигізген жоқ. Оның басқа отбасы, баласы бар", - деді ол.

Әйгілі қазақ гимнастшысы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кеткенін мәлімдеді
Фото желідегі ашық дереккөздерден алынды: UGC

Сонымен бірге спортшы өміріндегі бұл өзгерісті неге жасырып жүргенін де түсіндіріп өтті.

"Мен жариялылықты жақсы көрмеймін. Дәл сол кезде мен үшін гимнастшы шәкіртімді Олимпиадаға даярлау маңызды болды. Бірден бәрін тастап, отбасылық проблемам үшін Олимпиадаға назар аудармау дұрыс емес болар еді.

Әйгілі гимнастшы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кеткенін мәлімдеді
Әйгілі гимнастшы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кеткенін мәлімдеді: UGC

Мен өзімнің жұмысына ризамын. Себебі спорт адамды шынықтырады. Бар күшімді жинап, жігерімді жасытпау керек болды. Менің артымда екі балам және Қазақстандағы гимнастика саласы тұр. Әр шәкіртім үшін менің көмегім ауадай қажет. Сондықтан дәл сол тұста менің әлсіздік танытпауым керек болды.

Бұл мәселеге қатысты нүкте қойылды деп ойлаймын. Енді бұл тақырыпқа қайта оралмаймыз деген үміттемін", - деді ол.

Әйгілі гимнастшы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кеткенін мәлімдеді
Әйгілі гимнастшы Әлия Юсупова шенеунік күйеуінен ажырасып кеткенін мәлімдеді: UGC

Айта кету керек, Әлияның күйеуі Нұржан Әлтаев мемлекеттік органдарда түрлі қызметтерде жұмыс істеген шенеунік. 2013 жылдан 2014 жылғы наурызға дейін Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы директорының қызметін атқарған, ал 2014 жылы ҰКП Төрағасының орынбасары болып тағайындалған.

Ал 2017 жылдың қараша айынан бастап ол ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725307-jgili-gimnastsy-lia-usupova-seneunik-kjeuinen-azyrasyp-ketti/

pixel