RU

Сенатор біржынысты некелер жайлы: Мұндайды қалай қолдауға болады?

Парламент сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов біржынысты некелер туралы өз пікірін білдіріді деп хабарлайды Tengrinews.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: watan.com
Фото: watan.com: UGC

Сенатор елімізде жанұя-неке қатынастарына барынша қолдау көрсетілетінін айтты.

Оған қоса, отырыс барысында Дулат Құсдәулетов біржынысты некелерді қолдау мәселесіне қатысты пікірімен де бөліскен.

Біз мұндай некелерді мадақтап отырған жоқпыз, бірақ біз отбасы-неке қатынастарына көмек көрсетеміз, оларды қорғаймыз. (...) Отбасы - қоғамның бір бөлігі. Азаматтық неке, біржынысты неке және тағы осындай мәселелер...Бірақ мұндай некелерді қалай қолдауға болады?", - деді сенатор Дулат Құсдәулетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1725318-senator-birzynysty-nekeler-zajly-mndajdy-kalaj-koldauga-bolady.html