RU
Мәскеуде ұлын 20 мың долларға сатпақ болған қазақстандық әйел ұсталды
Жаңалықтар Сіз білмейтін қызықтар

Мәскеуде ұлын 20 мың долларға сатпақ болған қазақстандық әйел ұсталды

Рассказать Вконтакте

Ресей Федерациясының Бас тергеу басқармасының Мәскеу қаласы бойынша тергеу комитетінің тергеу органдары 23 жастағы қазақстандық әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәскеуде ұлын 20 млн долларға сатпақ болған қазақстандық әйел ұсталды

Мәскеуде ұлын 20 млн долларға сатпақ болған қазақстандық әйел ұсталды

Тергеу материалдарына сәйкес, 2017 жылдың желтоқсанында Алматыда желідегі топтардың бірінде 2017 жылы туған бала сатылатыны туралы хабарлама тараған. Хабарламаны жариялаған әйел оның құнын 20 мың долларға бағалаған.

2018 жылдың 5 сәуірінде әйел баласын алып Мәскеуге келген. Онда ол сатып алу-сату келісімін жасауы керек болған. Сатып алушы ретінде полицейлер келіп, әйел баласынан бас тартатыны туралы құжатқа қол қояды.

Әйелді тап сол жерде құрықтаған полицейлер, ұл баланы балалар үйіне тапсырған.

Істі зерттеу кезінде тергеушілер баланың биологиялық әкесін анықтап, оның өзге де туыстарының бар-жоғын нақтылау үшін Қазақстаннан құқықтық көмек сұрауға мәжбүр болған.

Қазіргі таңда айыпталушыға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel