RU
Қазақстандықтар даладағы әжетхананың кесірінен бедеулікке шалдығуда
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандықтар даладағы әжетхананың кесірінен бедеулікке шалдығуда

Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтардың бедеулігіне даладағы әжетханалар себеп болуы мүмкін. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандықтар даладағы әжетханалардың кесірінен бедеулікке шалдығуда. Көрнекі фото: Central Asia Monitor

Қазақстандықтар даладағы әжетханалардың кесірінен бедеулікке шалдығуда. Көрнекі фото: Central Asia Monitor

Кей мектеп оқушылары даладағы әжетханаларды пайдалануға мәжбүр болғандықтан, бедеулікке шалдығуда. Мұндай мәлімдемені "Аман-саулық" қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова сенаттағы парламенттік тыңдалымда жасады.

"Мәселен, мен бедеулік туралы айтқан болатынмын. Бүгінде ересектер түсіктен ғана емес, оқушы кезінде даладағы әжетханаларды пайдалануға мәжбүр болып, бала кезінен ауруын асқындырғандықтан да бедеу болуы мүмкін", - дейді маман.

Ол елімізде некеге тұрған жұптардың 15 пайызы бедеулікке шалдыққандықтан, бір жылға жасанды ұрықтандыруға бөлінген 900 квота жеткіліксіз болатынын алға тартуда.

Айта кетерлігі, жасанды ұрықтандыруды бір рет жасату кемінде 700 мың теңге тұрады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
3
5
1
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір