RU
"Жетінші арнада" "Сәлем, Ұлы Дала" жобасы көрерменге жол тартты
Жаңалықтар Кино и ТВ

"Жетінші арнада" "Сәлем, Ұлы Дала" жобасы көрерменге жол тартты

Рассказать Вконтакте

«Жетінші арна» өзінің көрерменін қызықты музыкалық ойын-сауық контентімен таңғалдыруды жалғастырады.

«Сәлем, Ұлы Дала«Жетінші арнаның» жаңа музыкалық интерактивті шоуы

«Сәлем, Ұлы Дала«Жетінші арнаның» жаңа музыкалық интерактивті шоуы

«Сәлем, Ұлы Дала» жаңа музыкалық шоуы қазақстандық белгілі продюсер Жан Мұқановтың жаңа төл туындысы, осы жылдағы продюсердің жетістігі ретінде телевизиялық «Тұмар» жүлдесінің «Жылдың ең үздік шарасы» аталымы бойынша жеңімпаз атануы. Жоба «Бізбен бірге болған жақсы» «Жетінші арнаның» ұранымен толықтай сәйкес келеді және белгілі қазақстандық орындаушылардың музыкалық бағдарламасын ұсынады.

Бірінші эфирдің хедлайнері елімізге танымал жұлдыз Айқын Төлепбереген, сонымен қатар бірінші түсірілім кезінде танымал әншілер Дастан Оразбеков, Луина, Ғазизхан Шекербековтың өнерін тамашалай аласыздар. «Сәлем, Ұлы Дала» жобасы барлық Астана қаласының тұрғындарымен қонақтарына танымал «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында әр жексенбі сағат 19:00 ден 21:00 аралығында өтетін болады.

Шоу тікелей эфирде көрсетіледі, ойын-сауық орталығының барлық қонақтары шоу көрермені атануына мүмкіндігі бар. Кештің жүргізушілері елімізге танымал жұлдыздар, актер Тауекел Мүсілім және Гүлназ Жоланова. Ал келесі бағдарламаларда біз Қазақстан шоу-бизнесінің жарық жұлдыздары мен жас таланттарын шақыратын боламыз.

Жаңа бағдарламаның кішкентай құпиясымен бөліссек. Мысалы, телешоу көрермендері арнайы «Impressario Live” рубрикасын көре алады, әртістер бұл айдарда эксклюзивті және ең өзекті жаңалықтармен, алдағы жаңа жоспарларымен, сонымен қатар осы маусымның ең үздік жеті әнін анықтайтын болады.

Өз кезегінде, интерактивті дауыс беру арқылы ойын сауық орталығына келген қонақтар концертте өздерінің хит-парадын жасайды. Нәтижелерді бағдарламаның финалында және күнделікті арнайы бағдарламаларда көрсетіледі. Аталмыш жоба «Жетінші арнаның ойын-сауық шоу бағдарламаларында жаңа бағдар белгілейтінін аса сенімділікпен айта аламыз, өйткені бұндай жоба Қазақстан телевидениясында бұрын соңды болмаған.

Сапалы және жаңашыл музыканы ұнататын ән сүйер ағайын 8 сәуір «Хан Шатыр» ойын сауық орталында өтетін жаңа музыкалық шоу «Сәлем, Ұлы Дала» бағдарламасына шақырамыз!

*PR құқында

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір