RU
Сапарбаев тележүргізушінің қазасы туралы: Бәріміз есеңгіреп қалдық
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Сапарбаев тележүргізушінің қазасы туралы: Бәріміз есеңгіреп қалдық

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев журналистің қазасынан кейін барлық көпқабатты үйдегі лифттерді тексеретін сарапшылар комиссиясын құруды тапсырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сапарбаев. Фото: today.kz

Сапарбаев. Фото: today.kz

"Бұл оқиға бәрімізді есеңгіретіп тастады. Енді қайталанбас үшін тиісті шаралар қолдануымыз қажет. Қала әкімдігі прокуратура және басқа құзыретті органдармен бірігіп, қысқа уақыт аралығында барлық лифттердің жағдайын, сапасын және техникалық қызметін тексеріп шығады. Сонымен бірге басқарушы компаниялардың мамандарын, азаматтар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттіліктерін қаншалықты орындайтынын қадағалау керек", — деді Сапарбаев.

Бердібек Сапарбаев "Қазақстан Ақтөбе" арнасының тележүргізушісі марқұм Айзат Әбдісаматтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Айта кетейік, сәуірдің 4 күні Ақтөбеде үш жасар қызын серуендеуге алып шыққан журналист лифтіде қаза тапқан болатын. Ал оның кішкентай қызы ауруханаға түскен.

Қазір оқыс оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
12
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір